KZNews.kz
Қоғам

Ақтауда лифтіде екі кішкентай қызға шабуылдады деген жігіттің ісіне психологтар қатысады

KZNEWS

Ақтауда лифтте кәмелетке толмаған екі қызға тиісті деп айыпталған 17 жастағы тұрғынның ісіне қатысты тергеу әрекеттеріне психологтар мен қорғаушылар қатысады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.


Заң консультанттары палатасының мүшесі Ажар Әбділ лифтте 17 жастағы жасөспірімнің 5 және 13 жастағы қыздарға шабуылынан кейін қандай шаралар қабылданғанын айтты.

Ажар Әбділдің айтуынша, Ақтау полиция басқармасы жедел-тергеу тобын құрған. Кәмелетке толмаған жәбірленушілердің мүддесі үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері шұғыл түрде басталды.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес, полиция тергеу әрекеттеріне психологтар мен қорғаушылардың қатысуын қамтамасыз етіп, жәбірленушілердің айғақтарын сақтауды тапсырды", – деп қосты Ажар Әбділ.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда жігіт лифтте екі кішкентай қызға мүшесін көрсетіп, шабуыл жасағаны айтылды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары