KZNEWS.KZ
Қоғам

Ақтауда кафеде ер адам келушілердің бірінің бетіне оқ атқан

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Ақтауда кафеде отырған ер адамның бетіне біреу келіп оқ атып кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 8 шілдеге қараған түні, шамамен сағат 01:00-де болған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.

Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы мен қатысушылардың әрекетіне берілетін құқықтық баға әзірге жарияланған жоқ.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →