KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ақтауда автоұрыларды ұстауға полицияның 15 қызметтік көлігі жұмылған - Тосын жай

KZNEWS

Ақтауда көлік айдап әкеткендерді ұстауға полицияның 15 көлігі жұмылдырылған. Олар ұрыларды 15 минутта ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 29 желтоқсанға қараған түні болған. Ақтаулық полицейлер ұрылардың қазіргі уақытта қалалық Ішкі істер басқармасында екенін айтты.

Басылымның мәліметінше, Lada Priora көлігінің иесі туыстарына қонаққа келген, көлігін сол үйдің ауласында қалдырған. Алайда 1,5 сағаттан соң ол көлігін таппай қалған. Бірден полицияға хабарлаған.

Ақтаулық әйелдің айтуынша, полицейлер автоұрыларды 15 минутта ұстаған. Олар №2 ықшамауданда ұсталған.


© Lada.kz

Жол полициясы қызметкерлері ұсталғандардың жергілікті тұрғындар емес екенін айтады. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 2-бөлігі бойынша ("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары