KZNEWS.KZ
Қоғам

Ақтауда әйел көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлап, көз жұмды

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласында әйел көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлап, көз жұмды. Қайғылы жағдай 4-шағын аудандағы №10 үйде болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция мәліметінше, әйелдің биіктен құлауының себептері мен өлімге әкелген жағдайлар қарастырылуда. Тергеу барысында бірнеше нұсқа тексеріліп жатыр. Солардың бірі – суицид.

Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаның өзге де мән-жайларын жариялаған жоқ.

Тергеу қорытындысы бойынша қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →