Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтау мектептеріндегі атыс туралы хабарлама тарады

Ақтау мектептеріндегі атыс туралы хабарлама тарады

Мессенджерлерде белгісіз адамдар Ақтаудағы мектептерге келіп, атыс жасамақшы деген хабарламалар тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Анонимді жазбаларда оннан аса білім беру ұйымының атауы көрсетілген, бұл ата-аналар мен оқушылар арасында дүрбелең тудырды. Алайда қала полициясында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Осы қауесеттерге сенбеуді және тексерілмеген хабарламаларды таратпауды сұраймыз. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай бақылауда, - деп атап өтті департамент өкілдері.

Қалалық әкімдік те хабарламалардың жалған екенін растады және тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды.

Полиция жалған ақпарат тарату, әсіресе теракт туралы жалған хабарлама үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары