АҚШ-тың банк жүйесі туралы реферат
28.12.2020
06:34
0
3
Тақырыбы: АҚШ-тың банк жүйесі
ХІХ ғасырдың соңына қарай барлық шетел мемлекеттерде орталықтанған банк жүйесі қолданылды.Ал АҚШ- ң банк жүйесі орталықтандырылмаған, көптеген жеке ұсақ банктерден құралды.1913 жылға қарай мұндай банктердің саны 20 мыңнан астам болды,олардың 7 мыңға жуығы ұлттық эмиссиялық банктер болды, ал қалған банктер болса өз штаттарының банкілік заңына сай қызмет көрсетіп, ақша эмиссиясы құқығын иеленбеді.
АҚШ-тың алғашқы акционерлік коммерциялық банкі 1782 жылы 7 қаңтарда ашылды. Ал 1791 жылы 10 млн. доллар жарғылық капиталмен АҚШ- тың алғашқы Орталық банкі ашылды. Ол вексельдер эмиссясымен айналысып, Қазынашылыққа қызмет көрсетті. Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдері 1990 жылы қабылданған «ҚазКРО банктер және банктік қызмет туралы» заңнан басталды. Әрине АҚШ-пен Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуында 200 жыл айырмашылық бар. Бірақ , оған қарамастан Қазақстанның банк жүйесі АҚШ пен салыстырғанда онша да артта емес.
Барлық дамыған мемлекеттердегідей, сонымен қоса Қазақстандағыдай, АҚШ –тың банк жүйесі 2 деңгейлі болып табылады:
1-деңгейді 12 Федералдық резервтік банк құрайды.
2-деңгейді Федералды резерв жүйесінің мүшесі болатын коммерциялық банктер мен банктік қызмет көрсететін ұйымдар құрайды.
Ал Қазақстанда болса 1-ші деңгейге бір ғана Орталықтандырылған ҚР-ның Ұлттық банкі кіреді, және оның ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар. 2-ші деңгейге болса – барлық коммерциялық банктер жатады.
Соңғы 140 жылда АҚШ тың банктік қызметіне байланысты 100- ден астам заңдар қабылданды, олардың көбісі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүгінге дейін қолданылуда.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары 15 жылдық тарихы бар. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда.
90-шы жылдардың басында Қазақстанда 200-ге жуық банк болған, бүгін олардың саны 34 –ке дейін азайды.
АҚШ-тың банктік жүйесіне келесі депозиттік институттар кіреді:
- 12 Федералдық резервтік банктер- Орталық банк функциясын атқарады.
- Штаттардың банктері мен трасталық компаниялар – коммерциялық банктердің және трасталық операциялар жүргізеді.
- Ұсақ штаттық ұйымдар: ұсақ банктер, өндірістік банктер- бұлар депозит қабылдауға құқылы болып табылады.
- Банктер өз қызметтерін тек қана бір территорияда атқара алады;
- Банктер қызметтерін филиалдар негізінде штаттың барлық территориясында жүзеге асыра алады;
- Банк өз филиалдарын штаттың ішінде шектелген географиялық аумақта ғана аша алады;
- Ақша-несие саясатын жүргізу
- Банктердің міндетті резервтік нормасын белгілеумен
- ФРБ-мен қосылып есептік ставка деңгейін белгілейді
- ФРБ-ні басқарады; т.б.
- «Банк ісі»,
- «Банковские системы зарубежных стран»,
- kaz.gazeta.kz // ”АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі“.01.02.2006//
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ