KZNews.kz
Саясат

АҚШ Президенті Украинаға қаржылай көмек көрсетеді

KZNEWS

Ақ үй басшысы Джо Байден Украинаға 13,6 миллиард доллар қаржы бөледі, - деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Бұл шешімді қабылдаған АҚШ Президенті Украинаға әскери және гуманитарлық көмек көрсетуді көздеп отыр. Бірқатар америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, алдағы уақытта, яғни 16 наурызда Украинаға  1,01 миллиард доллар көлемінде тағы да әскери көмек көрсетіледі. Әсіресе, танкке және әуе шабуылына қарсы қару-жарақ жіберіледі.

Жуырда АҚШ басшысы Украинада орын алып жатқан қақтығысқа байланысты және НАТО-ның қорғаныс қабілетін арттыруға арналған Солтүстік Атлантикалық одақтың шұғыл саммитіне қатысатыны туралы хабарланған еді. Бұл шара 24 наурызда ұйымның Брюссельдегі штаб-пәтерінде өтеді.

(Фото Reuters ақпарат агенттігінен алынды)

KZNEWS
Автордың басқа материалдары