Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ президенті 30 күнде Дайш ұйымын жоюға уәде берді

АҚШ президенті 30 күнде Дайш ұйымын жоюға уәде берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак және Сүрия шекарасындағы діни радикалды Дайш ұйымының барлық террористерін 30 күнде құртатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлап отыр.

«АҚШ Дайш ұйымымен күресу үшін үлкен жұмыстар атқарды. Бүгінде Сүрия мен Ирак аймағында террористердің саны тым аз. Бұдан кейін алдағы 30 күн ішінде бірді-бір сарбазы қалмайды» деп Дональд Трамп уәде берді.

Аз ұлттарға қолдау көрсетіп, заңды жобаларын сақтау үшін болған жиын кезінде АҚШ президенті күтпеген мәлімдеме жасады. Оның ойынша, лаңкестік топтар аталған елдің тұрғындарына зиян келтіріп, тыныштығын бұзған. Осыған байланысты АҚШ террористік ұйымдармен күресті бірінші күннен бастап қолға алатындығын жеткізді.

Қазіргі таңда АҚШ билігі Дайш ұйымының қысымына ұшыраған Сүрия мен Ирак елдерінің тұрғындарына көмек көрсетуін жалғастырып келеді.

"The Qazaq Times" 

Автор
Әлихан