"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ-та қазақстандық ұсталды: СІМ не дейді?

АҚШ-та қазақстандық ұсталды: СІМ не дейді?
Фото: ICE

АҚШ-та қазақстандық ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

АҚШ-тың көші-қон және кеден бақылау қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Еламан Балтагерей елде заңсыз жүргендіктен, былтыр жазда көші-қон соты елде депортациялауға шешім шығарған. Алайда Еламанның өзі сотқа келмеген.

– Еламан Балтагерейді елден шығару туралы түпкілікті сот шешімі бар, терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген тұлға ретінде мақсатты түрде ұсталды. Ол елден депортацияланғанға дейін және жол құжаттары дайындалғанша ICE уақытша ұстау изоляторында болады, – деп жазылған көші-қон және кеден бақылау қызметі таратқан ақпаратта.

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстан азаматы Еламан Балтагерей ұсталды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресми деректер түскен сайын қосымша ақпарат берілетін болады, – деп хабарлады Ulysmedia.kz басылымына ведомство өкілдері.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі