Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды
фото: ашық дереккөз

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді. Исламабадта 21 сағатқа созылған талқылаулар нәтижесінде тараптар бейбіт келісімге келе алмады, ал Ормуз бұғазы мен ядролық бағдарлама басты даулы мәселеге айналды, деп хабарлайды kznews.kz BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Пәкістанның Исламабад қаласында өткен 21 сағаттан астам келіссөздерден кейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс елге қайтты. Оның айтуынша, талқылаулар мазмұнды болғанымен, Иран АҚШ ұсынған шарттарды қабылдамаған.

Вэнстің сөзінше, Иран АҚШ ұсынған шарттарды қабылдаудан бас тартқан. Әсіресе, Тегеран тарапынан ядролық қару жасамауға қатысты "негізгі міндеттеме" байқалмаған. 21 сағаттан астам уақытқа созылған шиеленісті келіссөздерден кейін Вэнс Пәкістаннан ұшып кетті. Бұл келіссөздер соғысты тоқтатуға бағытталған еді, алайда нақты нәтиже бермеді.

"Ирандықтармен мазмұнды талқылаулар болғаны жақсы жаңалық. Бірақ келісімге қол жеткізе алмадық. Менің ойымша, АҚШ-қа қарағанда Иран үшін әлдеқайда жаман жаңалық", – деді Вэнс.

Сондай-ақ ол АҚШ Иранның ұсынылған шарттарды қабылдауына қол жеткізе алмағанын атап өтті. Вэнс келіссөздердегі басты мәселе ядролық қару екенін ерекше атап өтті. Дональд Трамп әкімшілігінің негізгі мақсаты Иранның қазір де, болашақта да ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін атап өтті. Алайда Исламабадтағы келіссөздер барысында АҚШ Иран тарапынан мұндай қаруды әзірлемеу туралы нақты міндеттеме көрмеген.

Сонымен қатар әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20%-ы өтетін стратегиялық маңызды Ормуз бұғазы төңірегіндегі келіспеушілік те шешілмей қалды. Иран бұғазды өз бақылауында ұстап, кемелерден ақы алуды талап етсе, АҚШ бірлескен бақылауды ұсынып отыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.