KZNews.kz
Қоғам

Ақнәр Хамиттің анасын полиция ұстап алып кетті

Айжан Сыланова
Фото: ulysmedia.kz

Инга Иманбайдың мәліметінше, қаза тапқан жастар — Сана Мерлан, Әдел Ақанова және Ақнәр Хамиттың аналары Президент Әкімшілігі ғимаратының алдына барған кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды ұстаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Адвокаттың айтуынша, аналар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ортақ өтініш тапсырмақ болған. Аталған өтініште балаларының өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істердің әділ, тәуелсіз және жан-жақты тергелуін қамтамасыз ету талабы қойылған.

Полиция өкілінің хабарлауынша, Есіл ауданының полиция басқармасына рұқсат етілмеген жиналыс өткізу фактісі бойынша үш әйел жеткізілген. Олармен бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін қолданыстағы заң талаптары түсіндірілген.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары