KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Ақан Сатаев: "Альмира Тұрсынмен бір-бірімізді құрметтейміз" (ВИДЕО)

• Нұрсұлтан

"Қазақфильм" киностудиясының президенті, белгілі режиссер, продюсер Ақан Сатаев Динара Сәтжанға берген сұхбатында бірінші жары Нәзира Бақаевамен не үшін ажырасқанын ашып айтты деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

Жүргізушінің "Сіз үлгілі жар, 5 баланың әкесі болдыңыз. 25 жыл бірге тұрдыңыздар. Не үшін ажырастыңыздар? " деген сауалына "Біз Нәзира екеуміз барлығын ойлана келе ажырасу деген ортақ шешімге келдік. Мен ажырасуды қолдамаймын, насихаттамаймын. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл дұрыс шешім болып табылады. Нәзира екеуіміз ұрыс-керіссіз үлкен адамдарша бұл шешімді қабылдадық. Әлеуметтік желіде ажырасу туралы ақпаратты бірге бір күнде жарияладық. Әртүрлі қауесеттердің алдын алу мақсатында.

Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. – Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба? - деген сауалға Сатаев: "Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады", - деді.

Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес. "Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты", - деді ол. Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған.

Дәл сол кездері ажырасқан "Томирис" фильмінің бас кейіпкері Альмира Тұрсынға қатысты сұраққа: "Біз Альмира екеуміз доспыз. Бір-бірімізді құрметтейміз. Бізде ортақ көп нәрсе бар" деп жауап берді.

https://www.youtube.com/watch?v=AK6egOvM9OE

Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →