Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ақ тілектеріңізді тілеп отырыңыздар!" – Нұрсейіт Жылқышыбай қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

"Ақ тілектеріңізді тілеп отырыңыздар!" – Нұрсейіт Жылқышыбай қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол Кенесары есімі берілген сәбиге уәде еткен жөргекпұлды табыстағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің айтуынша, Алматы қаласында дүниеге келген кішкентай Кенесары перзентханадан шыққан. Осыған байланысты ол сәбиге арнайы барып, қаржылай сыйлық табыстаған.

"Құдайға шүкір, дүниеге Кенесарылар келіп жатыр. Бүгін Алматыда кішкентай Кенесары перзентханадан шықты. Алла жар болсын! Біз уәдемізге сай сәбиге 400 мың теңге жөргекпұл бердік. Ұрпағымыздың бойына арыстан жүректі ханымыздың рухы, елдік пен ерліктің қасиеті дарысын. Бүлдіршінімізге ақ тілектеріңізді тілеп отырыңыздар", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай ұлына Кенесары есімін қойған отбасыларға арнайы жөргекпұл беретінін мәлімдеген болатын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер