Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақ дидарың-ай сенің... Beauty of Universe-2019 байқауына баратын қыз

Ақ дидарың-ай сенің... Beauty of Universe-2019 байқауына баратын қыз

Қазір бойжеткен журналистиканы оқып жүр.

Ол жас жазушы, хас сұлу. Спорттық бал биінен Қазақстан чемпионы. Beauty of Universe-2019 байқауына Қазақстанның атынан қатысатын Дидар Атмаджа ұйымдастырушылар жариялаған қысқа видеода өзі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Менің есімім Дидар Атмаджа. 20 жастамын, Алматыда тұрамын. Алты жасымда әке-шешем мені спорттық биге берді, 14 жылымды спорттың осы түріне арнап, 2017 жылы Қазақстан чемпионы атандым, - дейді ол.

Қазір бойжеткен журналистиканы оқып жүр. Сосын Youtube-та канал ашып, соны жүргізуде.

Былтыр Дидар Алматының вице-мисі атанған, Филиппинде өткен Miss Asia pacific International 2018 таланттар байқауында топ жарды. Әлі басы бос екен.

Ал Beauty of Universe байқауының финалы 2019 жылдың күзінде Мәскеуде өтеді. Биыл халықаралық байқау тарихында тұңғыш рет купальник киіп шығу дәстүрі болмайды екен.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Санжар