Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әпсана: Тұздың дәмі |

Әпсана: Тұздың дәмі |

Үнді жұртында мынадай бір әңгіме бар. 

Ұстазы шәкіртінің күйгелектігінен әбден мезі болып, бір күні шәкіртін тұз әкелуге жіберіпті. Шәкірті күйгелектене барып, тұз алып келіпті. Ұстазы тұзды шыныдағы суға салып, шайқап-шайқап жіберіп, шәкіртіне ішкізіпті де, одан: «Дәмі қандай екен?» деп сұрапты. 

Жұта алмай қалған шәкірті: «Тым ащы екен» депті. 

Ұстазы күліпті де, шәкіртіне тағы біраз тұз алдырып, көл жағасына ертіп барыпты. Олар жол-жөнекей тіл қатыспапты. 

Көл жағасына барғаннан кейін, ұстазы шәкіртіне тұзды көлге салғызыпты да: «Көлдің суын іш» депті. 

Шәкірті бір ұрттам ішкеннен кейін, ұстазы: «Дәмі қандай екен?» деп сұрапты. 

Шәкірті: «Жағымды екен» дейді. 

Ұстазы: «Ащы емес пе?» депті. 

Шәкірті: «Жоқ» депті. Содан соң ұстазы көрінгенге күйгелектене беретін шәкіртінің қасына отырыпты да, оның қолынан ұстап, былай депті: «Өмір азабы осы тұз сияқты аз да емес, көп те емес, белгілі мөлшерде болады. Сол азаптың деңгейін біздің азапқа төзімділік қуатымыз белгілейді. Сондықтан сен азаптанған кезіңде, ішіңді кеңге салуың керек, бір шыны су болмай, көл болуың керек» деген екен.

Дереккөзі: "ОМ" топтамасынан 

Дереккөз: http://reactor.inform.kz
Автор
Арман