Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Apple иілетін смартфонды патенттеді - Гаджеттер

Apple иілетін смартфонды патенттеді - Гаджеттер

Америкалық Apple компаниясы иілетін смартфон моделін патенттеді. Осыған ұқсас Samsung және Huawei әзірлеген гаджеттер жобасынан айырмашылығы ол екі жаққа да иіледі, - деп жазады 91mobiles порталы

Иілетін гаджеттердегі негізгі мәселе - төзімді әрі шыдамды экран құрастыру. iPhone телефондарының жаңа моделінде OLED-дисплейлерін қолдану жоспарланған. 

Портал мәліметінше, Apple арнайы полимерлі жабынды ойлап тапқан, соның арқасында дисплей иілгіш әрі төзімді болып, жарылып кетуден және басқа да зақым келуден сақтайды. Бұл жағынан Apple екі жаққа иілу мәселесін шеше алмаған оңтүстіккореялық Samsung компаниясын басып озды.

Мамандардың айтуынша, иілгіш дисплей инновациялық құрылғы болып саналады, алайда мұндай смартфондардың пайдалы екенін әлі дәлелдеу қажет. 

Осыған дейін жаңа iOS iPhone қолданушыларын сандық желі мен Интернеттен айырғаны хабарланған еді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Әлихан