Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санэпидембақылау органдарының рұқсатынсыз аффилиирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
"Сондай-ақ, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Ол қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларын тартты", - деді Антикор.
Компанияның тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі шартта көзделген міндеттемелері орындалмады, ал оның қызметінен түскен табыс оны жеке байытуға бағытталды. 204 млн теңге шығын келтірілді. Тергеу жалғасуда.
[video width="848" height="480" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/10/3083620981272652383.mp4"][/video]
Видео: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет