KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да полицияға жеткізілді

• Жарқын Омаров
Фото: Instagram: @rakhat_turlykhanov

Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да әйелінің арызымен полицияға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы қаласы полиция департаменті оқиғаны растады.

 - Алматының Медеу ауданында болған отбасылық жанжал фактісі бойынша полиция қызметкерлері келіп түскен шақыру бойынша шығып, оқиғаға қатысушыларды тексеру үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолдану туралы хабарлаған, алайда кейіннен ұрып-соғу фактісін теріске шығарып, отбасылық жанжал фактісі бойынша өтініш берген. Қарау нәтижелері бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әнші бұған дейін әйелін ұрғаны үшін бірнеше рет 10 тәулікке қамауға алынған. 

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →