Шоу-бизнес

Әнші “Калифарния” Дариға Бадықованың өтірігін ашты

Әнші “Калифарния” Дариға Бадықованың өтірігін ашты
Фото: instagram.com/kalifarniya

Отандық актриса Дариға Бадықова бұған дейін «Таптым-ау» фильмінің саундтрегіне қатысты бір қызық жағдайды айтып берген еді. Оның айтуынша, жоба командасы әнші Калифарниямен байланысқан кезде, орындаушы фильмге қолданылмақ болған ұзақтығы бір минутқа да жетпейтін трек үшін бір миллион теңге сұраған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда бұл ақпаратқа қатысты Калифарния өз тарапынан түсінік беріп, мұндай мәлімдемені дұрыс емес деп атады. Оның айтуынша, өзі ешкімнен тікелей қоңырау алмаған.

Әнші жағдайды былай түсіндірді:

«Маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Хабарласса, менің директорыма хабарласты. Ол кісілер осы арқылы нан тауып отырған соң “Әнді алсаңыз, алыңыз. Бірақ құны осындай” деп жұмыс ретінде қарады», – деді ол.

Калифарнияның сөзінше, әншінің командасы әрқашан ресми түрде әрекет етеді, ал баға белгілеу — олардың ішкі тәртібі.

Ол сондай-ақ өзге жағдайды мысалға келтірді:

«Ал Жаһан Отарғалиев ағам болса, жеке хабарласып ‘маған трегің керек’ деді. Мен ‘ала бер’ деп тегін бере салдым», – деп атап өтті ол.

Әнші бұл жерде мәселе кім хабарласқанына байланысты екенін де жасырмады:

«Сол сияқты Дариға ханымның өзі хабарласса, мүмкін беретін едім, бермей де қалуым мүмкін еді», – деп ойын қорытты.

Осылайша, Калифарния тарапынан бұл жағдай түсіндірілді, ал желідегі талқылаулар оның сөзінен кейін одан әрі өрбіді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz