KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әнші Алтынай Жорабаева қызына қатысты қуанышты жаңалығын айтты

Дархан Тоқан
Фото: Бейнежазбадан кескін

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қызы жақын күндері тұрмысқа шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Желіде журналист Анна Данченко сүйінші жаңалықты бөлісіп, әншінің өзі де бұл қуанышты сәтті растағанын жазған.

«Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шықпақ. Жағымды жаңалықпен әншінің өзі бөлісті. Құтты болсын!», - деп жазды журналист.

Айнара есімді қызына жігіті үйленуге ұсыныс білдіріп, бойжеткен бұл ұсынысқа "иә" деп жауап берген.

Өз кезегінде Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалыққа жүрекжарды тілегін арнап, "Бақыттарың баянды болсын, жандарым. Алтындарым, балапандарым", - деп жазды.

Желі қолданушылары да бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас жұбайларға бақыт тілеп, құттықтау лебіздерін жаудырып жатыр.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →