KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа танымал блогермен ән жазды

Торғын Абушахман

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жыл соңында қазақ халқына алғыс айтып, жаңа әнін ұсынды. Сонымен қатар ол кейбір блогерлерге ишарамен сын да айтқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жылды қорытындылап, ерекше дуэтін көпшілікке жолдаған.

«Ескі жылдың нүктесін сіздерге алғыс айтумен қойсақ деген ниет.

Ерекше дуэт, шын жүректің әнін қабыл алыңыздар!

Рысбала Икрамбай, біраз бықсыған ән айтқан блогерге қарағанда сен қазақы, әдемі әншісің.

Әні мен сөзін алтын досым Елдос Үмбетәлі жазған.

Сіздерге мың алғыс, Қазақ елі», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Әбдіжаппар Әлқожаның жазбасын қызу талқылап, жаңа ән мен айтылған пікірлерге қатысты түрлі көзқарастарын білдіруде.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →