KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсті – ол палатасынан халыққа видео жолдаған

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіге ауруханада жатқан әнші Айжан Нұрмағамбетованың видеосын тартатты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері жүрегін тексертіп жүр екен, деп хабарлайды kznews.kz

«Тағдырдың жазуымен осы орталыққа түстім. Кезінде бұл аурухана менің анамды да емдеген еді. дәрігерлердің кәсіби деңгейі биік, маған өте жақсы қарады. Сол үшін алғыс айтамын», - деген әнші өзін емдеген әрбір дәрігердің аты-жөнін айтып, алғыс білдірген.

Жалпы, әншінің айтуынша, бұл орталық кезінде оның анасын да, композитор құрбысын да аман-есен емдеп шығарған екен.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →