Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық боксшы нокаутпен жеңілгеннен кейін ауруханаға түсті

Қазақстандық боксшы нокаутпен жеңілгеннен кейін ауруханаға түсті

Спорт

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қазір боксшы Лос-Анджелесте ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-2, 2 КО) пуэрторикалық Хосе Лопеске (12-1, 10 КО) қарсы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл туралы отандасымыздың баспасөз хатшысы Уәлихан Қосанбай фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. 3 раундтан бастап қазақстандық боксшының аяқ-қолы тырыса бастаған. Ал 6 раунд аяқталғаннан кейін денесі құрысып қалған.

"Шүкір, қазір Асxаттың жағдайы жақсы", - деп жазды Қосанбай.

Дәрігерлердің айтуынша, боксшының қаны ұйып қалған. Қазір отандасымыз Лос-Анджелесте ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетсек, сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек Филадельфияда (АҚШ, Пенсильвания штаты) өтті. Уәлиханов алтыншы раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Лопес техникалық нокаутпен жеңіске жетті.


sputniknews.kz
Автор
Санжар