Аузы-мұрты
«Қоя жесең қой қалар,
Тарта жесең тай қалар»
Бүйте берсең аштан қатып,
Артыңда мал, жай қалар.
Қатыныңды біреу құшып,
Іріккеніңді ұрттап ішіп,
Аузы-мұрты майланар.
Бар арман
Жұмыр басты пендеңіз,
Ішіп-жеуге жаралған.
Сондықтан да жемқорлық,
Қан тамырдай таралған.
-Қорықпайсыз ба дегенмен,
Құрылар деп тор алдан?
-Оны ойлауға уақыт жоқ,
Молырақ қарпу бар арман.
Қайқайды
– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.
- Ал өзіңіз...
– Өй, ант атқыр...
Бар болғаны ермегім.
Қол бұлғады
« Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,
Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.
Әрбір үйге су беретін құбырлар,
Қыс түспей-ақ «құрғады».
Сұғанақтар қаражатты жымқырған,
Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.
Сүлеймен Баязитов
#Әңгіме
#Сүлеймен
#Баязитов
#қызықты әңгімелер балаларға арналған
#кызыкты ангимелер балаларга арналган
#интересные рассказы на казахском языке казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#Терең
#Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мақалға терең үңілсек » ZHARAR © 2018 әңгіме Сүлеймен Баязитов Мақалға терең үңілсек туралы ангиме казакша рассказ на казахском
#рассказ Сүлеймен Баязитов Мақалға терең үңілсек на казахском языке ангиме скачать бесплатно
#Мақалға
#үңілсек