KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Анасы жол апатынан, баласы суицидтен”: Ақтөбеде жүрек ауыртар қайғылы жағдай орын алды

• Айжан Сыланова
Фото: Shutterstock

Ақтөбе облысында жол апатынан Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері Назгүл Мұратқызы Қантөренова қаза тапты. Қайғылы жағдай сол күні оның ұлының да өмірін қиған трагедиямен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды kznews.kz.

Renault көлігін жүргізіп келе жатқан әйел рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы марқұмның сол уақытта еңбек демалысында болғанын хабарлады. Мұғалжар аудандық ауруханасының ұжымы дәрігердің қазасына байланысты көңіл айтып, оның кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттерін еске алды.

Сонымен қатар марқұмның ұлы Расул Бақтыбайдың өлімі жол апатына қатысы жоқ. Оның анасының қайтыс болғанын естігеннен кейін өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Полиция жігіттің өліміне қатысты суицид фактісін растаған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →