KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Анасы да сол ауруханада жан тапсырған»: Жамбылда алты жастағы бала қайтыс болды.

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп отыр.

Айтуларынша, бала 29 қыркүйектен бері ауырған. Учаскелік дәрігерге барғанымен, тиісті көмек көрсетілмей, үйіне қайтарылған. Тек әжесінің өтінішінен кейін 7 қазанда ауруханаға жатқызылған. Алайда медициналық тексеру жүргізілмей, тек креон дәрісі берілген. 10 қазан күні бала көз жұмған.

Әлидің әпкесінің сөзінше, бұған дейін олардың анасы да дәл осы ауруханада қайтыс болған. Ол дәрігерлер диагнозды жасырды деп мәлімдеп, Денсаулық сақтау министрлігі мен Президенттен көмек сұрады.

Ал аудандық аурухана өкілдері баланың 7 қазаннан бастап өт жолдарының ауруы диагнозымен емделгенін, барлық тексеру хаттамаға сай жүргізілгенін айтты. Дәрігерлердің мәліметінше, 10 қазан күні таңертең бала кенеттен қайтыс болған. Қазір өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары