Қоғам

Алматыда жаңа босанған келіншек ауруханада қайтыс болды

Алматыда жаңа босанған келіншек ауруханада қайтыс болды
фото: ZTB news

Алматыда 29 жастағы Кристина Илющенко қайғылы жағдайда көз жұмды. Ол 14 қарашада Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында босанған еді, деп хабарлайды kznews.kz.

Үйіне шыққаннан кейін Кристина кеудесінің қатты ауырғанын айтып жақындарына шағымданған. 3 желтоқсанда ол қайтадан перзентханаға барып, дәрігерлер оған мастит және лактостаз диагнозын қойған. Ана мен жаңа туған нәресте ауруханаға жатқызылған, деп жазды ZTB news.

9 желтоқсанда жас анады үйіне шығару жоспарланған — тіпті заттары да жиналып қойған. Алайда сол күні таңертең жағдайы күрт нашарлаған. Туыстарының айтуынша, Кристина кенеттен ауыр демалып, бірнеше минуттан кейін жүрегі тоқтап қалған. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеген.

«Ол бұрын-соңды жүрек ауруымен ауырған емес. Ауруханаға тек сүт келмей қалғаны үшін ғана түскен… Кетемін деп тұрған жерінен қаралы қоштасу басталды», — дейді жақындары.

Марқұмның отбасы объективті, ашық тергеу жүргізілуін талап етіп отыр. Қазір сот-медициналық сараптама нәтижесі дайын емес. Туыстары ешкімді айыптамайтынын, бірақ ауруханада нақты не болғанын білгісі келетінін айтты.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz