Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Анасы баласын өлтіру үшін екі жыл бойы ауыр дәрі-дәрмек берген

Анасы баласын өлтіру үшін екі жыл бойы ауыр дәрі-дәрмек берген
Фото: depositphotos.com

Ұлыбританияда анасы кішкентай баласына ұзақ уақыт бойы ауыр дәрі-дәрмек берген. Сол үшін кісі өлтіруге тырысты деген айып тағылды, деп хабарлайды kznews.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.

Сот деректеріне сәйкес, Лора Дочерти 2021 жылдың сәуірінен 2023 жылдың ақпанына дейін, қыз екі жасқа толған кезден бастап, дәрігер тағайындамаған түрлі дәрілерді берген. Олардың қатарында антидепрессанттар мен ауырсынуды басатын препараттар болған. Соның салдарынан балада ауырсынулар пайда болып, денсаулығы күрт нашарлаған.

Тергеу барысында әйелдің дәрігерлерді, медбикелерді және әлеуметтік қызметкерлерді әдейі жаңылыстырып, баланың жағдайының нашарлау себептерін жасырғаны анықталды.

Қыздың өмірін тек дәрігерлердің жедел әрі кәсіби көмегінің арқасында сақтап қалу мүмкін болған. Соттың айтуынша, айыпталушы бұл әрекеттерге қажеттіліктен емес, «назар аударту мен драматизм үшін» барған, әрі баласына қандай азап әкеліп жатқанын жақсы түсінген.

«Оның әрекеті жантүршігерліктей қатыгез әрі  жауапсыз болды», – деді судья Майкл О’Грэйди.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер