Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Амнистияға іліксе, таңғалмаймын»: заңгер тісін емдетпек болған жігіттің өлімі жайлы

«Амнистияға іліксе, таңғалмаймын»: заңгер тісін емдетпек болған жігіттің өлімі жайлы
Фото: ашық деркккөзден

Астанада 20 жастағы жігіттің стоматологиялық ем қабылдау кезінде көз жұмуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қайғылы жағдайдан кейін заңгер Дәулетхан Ахметов Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жасап, стоматологиялық клиникаларға қойылатын талаптарды күшейтуді талап етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, мұндай жағдайлар медицина саласындағы бақылаудың әлсіздігін көрсетеді.

«Өте өкінішті жағдай. Адам өлтірумен тең болып тұр. Былтыр да Астанада 3 жастағы бала анестезиологтың дозаны тексермей, көп мөлшерде салғанынан көз жұмған. Сот оны 2 жылға бас бостандығынан айырған. Бірақ рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығып кетті. Биыл да амнистия жарияланады. Мына стоматологияға қатысты дауда да босатылса, мен таңғалмаймын. Жазалау керек», – деді Дәулетхан Ахметов.

Ол Денсаулық сақтау министрлігі стоматологтарға қойылатын талаптарды қайта қарауы қажет деп есептейді. Оның пікірінше, ең алдымен ем алушының аллергиялық реакциясын міндетті түрде тексеру жүйесін енгізу керек.

«Біріншіден, қатаң түрде аллергиялық реакция тексерілуі керек. Екіншіден, шокқа қарсы жинақ барлық стоматологияда болуы керек. Осындай жағдай болмас үшін стоматологтардың білімін тексеру керек. Өз мамандығын толық игермеген адам емханада жұмыс істемесін. Ал ондай стоматологияларды шетінен жауып тастау қажет», – деді заңгер.

Осыған дейін Астана қаласында «Tem Dent» стоматологиясына тісін емдетуге келген жас жігіт қайтыс болғанын хабарлағанбыз. 

Бұл туралы treads әлеуметтік желісінде Әсел Айжанова есімді қолданушы жазды. Оның сөзінше, Астана қаласы Кенесары көшесі, 65 мекен жайында орналасқан «Tem Dent» стоматологиясында Есболған Мұрат Жеңісханұлы қайтыс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, стоматолог науқасқа аллергиялық сынама жасамай дәрі енгізген. Инъекциядан кейін Мұраттың денесі құрысып, жағдайы күрт нашарлаған. Соған қарамастан, оған препарат қайтадан салынған. Осыдан кейін Мұрат көз жұмған.

Сондай-ақ, екпені аллергосынама жасамай практикант салғаны, ал стоматолог жағдайды тиісті деңгейде бақыламағаны айтылуда.

Оқиға орнында 1993 жылы туған медбике болғаны да хабарланды.

Астана қалалық Полиция департаменті елорда тұрғынының стоматологиялық орталықта қайтыс болғанын растап, ресми тергеу амалдарын бастаған болатын.

 20 жастағы қала тұрғынының өліміне байланысты Астана қалалық ПД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-шаралары тағайындалды, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. 

Қылмыстық іс аясында дәрігерлердің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.