Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Америкада іздеуді жалғастыруымыз мүмкін": Шетелдіктер асырап алған Жәнібек жаңа жазба жариялады

"Америкада іздеуді жалғастыруымыз мүмкін": Шетелдіктер асырап алған Жәнібек жаңа жазба жариялады
kznews.kz коллажы

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелге асырап алынған Жәнібек әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады. Ол оқырмандарымен амандасып, биологиялық анасын іздеуге қатысты қазіргі жағдайды қысқаша түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жәнібек әзірге анасына қатысты іздеу жұмыстары туралы көп ақпарат айта алмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл іспен қазір ресми адвокат айналысып жатыр.

"Қазір анамды іздеу туралы көп нәрсе айта алмаймын, өйткені бұл іспен ресми адвокат айналысып жатыр. Бірақ іздеуімізді Америкада жалғастыруымыз мүмкін сияқты", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Жәнібек өзінің өміріне қатысты тағы бір болжам айтқан. Оның сөзінше, оны туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін.

"Мүмкін, мені туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін. Бұл туралы келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін", – деді Жәнібек.

Жәнібек жазбасында Қазақстандағы жақындары мен оқырмандарына жылы лебізін білдіріп, хал-жағдайларын сұрады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер