KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Амандаспаймын. Қолын да алмай қойдым”: Мұқазан Шахзадаев әріптесі Нұрланиен қарым-қатынасы туралы айтты

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

“Нұр-Мұқасан” тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесі Нұрланмен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, онымен араласпайтынын мәлімдеді. Тіпті, бірнеше рет кездескеніне қарамастан, амандасудан да бас тартқанын жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда Мұқасан оның бұл әрекетін қабылдамай, қол алыспай қойған.

«Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы», – деді әнші.

Дегенмен Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесімен арадағы байланыстың неліктен үзілгенін нақты түсіндірмеді. Сондай-ақ олардың арасында қандай жағдай болғаны және келіспеушіліктің неден басталғаны жөнінде де егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →