“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Аманбыз": Венесуэланың экс-президенті Мадуро мен оның әйелі АҚШ түрмесінен хат жолдады

"Аманбыз": Венесуэланың экс-президенті Мадуро мен оның әйелі АҚШ түрмесінен хат жолдады
Khaama Press

Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-та қамауда отырып, әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Венесуэла басшысы мен оның әйелі Нью-Йорктегі Бруклин тергеу изоляторында отыр. Оларға есірткі саудасы және өзге де қылмыстар бойынша айып тағылып, сот процесін күтіп жатыр.

Жарияланған жазбада олар Венесуэла халқы мен әлемдегі қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.

"Сіздердің хаттарыңыз бен дұғаларыңыз бізге жетті. Әрбір жылы сөз бізге күш береді. Біз аманбыз, рухымыз мықты, сабырлымыз", – делінген үндеуде.

Сондай-ақ олар халықты елдегі бейбітшілікті сақтауға, ұлттық бірлік пен татулықты нығайтуға шақырған.

Айта кетейік, бұған дейін де Мадуро 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай үндеу жолдап, ел азаматтарын қиындықтарға мойымауға шақырған болатын. Бұл жолдауды оның ұлы жариялаған.

Еске сала кетейік, 3 қаңтар күні АҚШ арнайы операция жүргізіп, Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті елден алып кеткен.

5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдына жеткізіліп, есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылған. Алайда ерлі-зайыпты өз кінәсін мойындамаған.

Қазіргі таңда Венесуэлада билік уақытша президент қызметін атқарып отырған Делси Родригестің қолында.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер