KZNews.kz
Қоғам

Алтынның 1 грамы бір айда 11 мың теңгеге қымбаттады

Торғын Абушахман
Фото: ашық дереккөзден

27 қаңтарда Ұлттық банк (ҰБ) 1 грамм алтын бағасын бірден шамамен 2,5 мыңға көтерді. Енді бағалы металдың бір грамы 82 173 теңге тұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

2025 жылдың аяғында ҰБ алтынды шамамен 71 мың теңгемен саудалаған. Содан бері түсті металл шамамен 11 мың теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз. Қазақстанда алтын бағасы бір айға жетпейтін уақытта шамамен 16%-ға қымбаттаған.

Алтын бағасы әсіресе осы аптада қатты көтерілді. Өйткені әлем нарығында оның бір унциясының құны 5 мың доллардан асып жығылды.

Түрлі-түсті металл құнының көтеруіне бірнеше жайт түрткі болды. Таяу Шығыс пен Украинадағы жанжал, сонымен бірге Дональд Трамп әкімшілігінің әрекеттері инвесторларға алтынды көптеп сатып алуға мәжбүрлеп отыр. Сонымен бірге, олар доллар мен құнды қағаздар активтерін азайтып, алтынға иек артады.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →