Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда алтынның 1 граммының бағасы 75 мың теңгеге жуықтады

Қазақстанда алтынның 1 граммының бағасы 75 мың теңгеге жуықтады

Елімізде алтынның бір граммының құны 74 804 теңгеге жетті. Металлдың бағасы екі айдан бері тоқтаусыз өсіп жатыр. Мамандардың сөзінше, бұл қымбатшылыққа әлемдегі күрделенген геосаяси жағдайлар және Америка мен Қытай арасындағы сауда шиеленістері себеп. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елдегі экономикалық тұрақсыздықтан қауіптенген кәсіпкерлер инвестициясын алтынға бағыттаған. Салдарынан сұраныс күрт артып, баға көтерілді дейді. 

"Алтынның бағасы тіпті құлдырап кетуі де мүмкін. Барлығы әлемдік нарыққа байланысты. Қарапайым азаматтар жинағының бір бөлігін теңгелік депозитте немесе доллармен, ал екінші бөлігін жағдайы жетсе алтында сақтағаны жөн", – дейді экономист Марат Қайырленов. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.