Әділет министрлігі "Әділет" партиясын ресми тіркеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы: Депутат ел естімеген жайтты айтты

Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы: Депутат ел естімеген жайтты айтты
ашық дереккөзден

Мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты істі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланыстыруға негіз жоқ. Мұндай пікірді саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым 2025 жылы 23 наурызда "Sadaq media" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың сөзінше, Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасын Назарбаевқа тікелей телу үшін нақты дәлел қажет. Ол бұл мәселеде эмоцияға емес, әділет пен дерекке сүйену керек екенін атап өтті.

"Кезінде Рысбек Сәрсенбаев ағамыз эмоциямен біраз дүниені айтып жіберді. Әлі де айтып жүр. Бірақ оған дәлел жоқ қой. Ол жерде Назарбаевтың құлағы көрінуі мүмкін. Бірақ әділет деген болуы тиіс қой, жобалап, ымдап болса да дәлелдей алған адам жоқ. Мен өз басым Алтынбектің өлімін Рахат Әлиевке жақындатам. Алтынбекпен жылдап араласқан, әлі күнге дейін сол ортада жүрген біраз азаматпен араласам. Бірақ олардың ешқайсысы да тікелей Назарбаевтан көріп жатқан жоқ. Бұл Рысбектің өзінің ұстанымы, өзінің жеке пікірі. Кезінде Алтынбектің жанында жүрген, қағазын жазып беріп жүрген Рысбек емес, мен болатынмын. Мен оны жақсы білемін", – дейді Айдос Сарым.

Сондай-ақ депутат Алтынбек Сәрсенбайұлының мінезіне қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, саясаткердің кейбір адамдарға өкпесі болғанымен, уақыт өте келе көзқарасы өзгерген.

"Алтынбек өте кекшіл адам болды. Көп адамды жек көрді. Солардың бірі – Серік Әбдрахманов еді. Екінші бір адам болды. Ол – Балташ Тұрсынбаев болатын. Бірақ уақыт өте келе өзгерді, саналы ғұмырында өзінің жек көретін адамдармен татуласып, солардың деңгейіне түсіп, сөйлескенін көрдім", – дейді депутат. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер