KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алтынбек Қоразбаев братанның атынан келіп тұрмын – Гүлмира Ізбасханова сынға қалды

KZNEWS

Әнші Гүлмира Ізбасханова тойдың ортасында айтқан сөзі үшін сынға ілікті.

Тойлардың бірінде әнші Гүлмира Ізбасханова ән салар алдында былай деген:

"Қайырлы кеш құрметті қонақтар. Тойларыңыз құтты болсын. Алтынбек Қоразбаев братанның атынан келіп тұрмын. Той-тойға ұлассын, бәріңізді биге шақырамын", - деді әнші.

Мұны көрген желі оқырмандары:

"Осы қыз қуады", "Масқара", "Аңдамай сөйлеген...", "бір түрлі қылықтар жасайды", "Дауысы жақсы", - деген пікірлер жазды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары