KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алтынай Жорабаеваның қызына сүйгені ұсыныс жасады ( ВИДЕО)

Айжан Сыланова
Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмыс құруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Қуанышты жаңалық әлеуметтік желі арқылы тарады. Тележүргізуші Анна Данченко өзінің парақшасында видео бөлісіп, әншінің отбасындағы ерекше сәтті көрсетті. Бейнежазбадан Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнара екенін аңғаруға болады. Қолына аппақ гүлдің үлкен шоғын ұстап, жүрекжарды ұсыныс жасаған жігіттің кім екені әзірге нақтыланбады.

«Алтынай Жорабаеваның қызы ұзатылғалы жатыр. Бұл сүйінші жаңалықты әншінің өзі жеткізді. Құтты болсын!» – деп жазды Анна Данченко.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →