Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алтын іздеген оқушы. 17 жасар бала шахтадан табылды

Алтын іздеген оқушы. 17 жасар бала шахтадан табылды

17 жастағы 13 қыркүйектен бері мектепке келмей жоғалып кеткен оқушыны полицейлер шахтадан тапты. Оқушы Бестөбе аумағында болған. Ол осы уақыт аралығында алтын іздеп жүрген.

–– 17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталды және ол туыстарына аман-есен берілді. Жас жігіт алтын табу үшін шахталарға түскенін түсіндірді. Жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағанның өзі күзетілетін объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Ақмола облысы ПД.

Фото: optimism.kz
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары