Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматының бас дәрігері алдағы уақытта коронавирустың күрт азаятынын болжады - Қазақстан жаңалықтары

Алматының бас дәрігері алдағы уақытта коронавирустың күрт азаятынын болжады - Қазақстан жаңалықтары

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев екі аптадан кейін қала тұрғындары карантин ережелерін сақтаса, коронавирус ауруы күрт төмендейді деп болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Азаматтар, отбасылар және топтар арасындағы байланыстарды барынша шектеу коронавирустық инфекцияны азайтуға көмектеседі. Егер өздігінен оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптаның ішінде біздің қала тұрғындары арасында Ковид-19 ауруының күрт төмендеуін күтуге болады», - деді Әбілдаев.

Қаланың бас дәрігері алматылықтар мен басқа аймақтардың тұрғындары тарапынан карантин қағидаттарын түсінуге және сақтауға үміттенетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны 402-ге дейін өсті, олардың 90-сы Алматыда, жұқтырғандардың екеуінің жағдайы ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа. Алматыда коронавируспен ауырған 11 адам қалпына келді.


stan.kz
Автор
Еркебұлан