Каспийдегі love story: Маңғыстаулық жас жұбайлар референдумға катермен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылықтар референдумда таңертеңнен бастап дауыс беруде

Алматылықтар референдумда таңертеңнен бастап дауыс беруде
Фото: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін сағат 7:00-ден бастап Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдумға арналған сайлау учаскелері ашылды, деп Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтей отырып kznews.kz хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі учаскелерге олардың жұмысы басталған алғашқы сағаттардан-ақ келді, ал кейбірі алдын ала келіп күтті. Дауыс берушілердің қатарында әртүрлі жастағы және түрлі мамандық иелері бар.

Кейбір алматылықтар жұмысқа барар жолда дауыс берсе, енді біреулері отбасы мүшелерімен бірге келді. Учаскелік комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс берудің алғашқы сағаттары тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде.

Қаладағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған. Учаскелер белгіленген рәсімдерге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Дауыс беру күні бойы жалғасады. Қорытынды нәтиже сайлау учаскелерінің жұмысы аяқталғаннан кейін шығарылады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.