Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасы бойынша өткен республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Президент Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан №51 учаскеде дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
«Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары», – деді Президент.
Сондай-ақ ол жаңа Конституция елдің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғауға бағытталғанын айтты.
«1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.