ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылық ер адам дүкенде сатып алушыны пышақтап кетті

Алматылық ер адам дүкенде сатып алушыны пышақтап кетті

Алматыда дүкендегі жанжалдың соңы пышақ сұғумен аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

28 қарашаға қараған түні Қаскелең қаласының орталық ауруханасына пышақ жарақатымен Шамалған станциясының 35 жастағы тұрғыны жеткізілген.

Қарасай ауданы полициясы аталған деректі қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі; 99-бабы 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Іле ауданының 37 жастағы тұрғыны 7 желтоқсанда Алтын Орда базарында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дәлелдер келтірілген соң күдікті қылмысын мойындады. Ол дүкенге алты бөтелке сыра ішіп келгенін, басқа сатып алушының сатушыға тиіскенін ұнатпай қалғанын айтты. Жанжал кезінде ол жәбірленушінің арқасына бірнеше рет пышақ сұққан.

Содан кейін ер адам қылмыс орнынан қашып, пышақты лақтырып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Нұрсұлтан