KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыдан шығып үлгеруге 72 сағат берілді: 22 наурызда барлық блок-бекеттер жабылады - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Алматыдағы барлық блок-бекеттер 22 наурыз күні толығымен жабылатыны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қаланың мобильдік басқармасының жетекшісі Сағындық Телібаев мәлім етті. 

"Алматы облысының тұрғындарына айтарым: сіздердің қаладан шығуларыңызға 72 сағат беріледі. Алматылықтар толығымен оқшаулануы қажет. Сондай-ақ қаладан тыс аумақта жүрген тұрғындар өз үйлеріне осы уақыт аралығында оралуы керек. Содан кейін қала толығымен жабылады", - деді басқарма жетекшісі. 

22 наурыз күні сағат 00:00-де әуе және теміржол қатынасы толығымен тоқтатылады.

"Халықаралық рейстерге шектеу қйоылмайды. Біз оларды қабылдаймыз, десек те бірқатар шектеулер қойылады", - деп қосты Сағындық Телібаев.

Еске салайық, бұған дейін карантин кезінде Алматыға сырттан ешкім кіргізілмейтіні жайлы айтылған еді. 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →