Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: көлік екіге бөлініп қалды

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: көлік екіге бөлініп қалды

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан спорттық автомобиль қарама-қарсы беттегі көлікке соғылған, қаза тапқан жүргізушіні мыжылып қалған көліктің ішінен құтқарушылар алып шықты.

Жол апаты Абылай хан даңғылында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Nissan Skyline спорттық автокөлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан. Жамбыл көшесінен өткен кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, DAEWOO Nexia көлігіне барып соғылған. Осыдан кейін Nissan екіге бөлініп қалды: көліктің артқы бөлігі ағаштарға, ал алдыңғы бөлігі тұрақта тұрған Ford-қа ұшып кеткен. 

Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен жолаушысы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Nissan көлігінің 1993 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Оқиға орнына қаза тапқан жүргізушіні алып шығу үшін құтқарушылар шақырылды. Апат болған жерде жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Автор
Мадияр