Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде толық карантин енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы коронавирус жағдайы бойынша ресми Telegram-арнасында жазды.
"Алматы қаласында толық карантинге ұшыраған бірінші ошағы: Зенков 59 көшесіндегі, "Сұңқар" ТК", - делінген хабарламада.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте коронавирусты жұқтыру ошақтары бар екенін атап өтті.
"Басты міндет - жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, вирустың қалада таралуына және оның басқа өңірлерге экспортталуына жол бермеу", - деді ол.
stan.kz