KZNews.kz
Спорт

Алматыдағы «Қайрат» – «Реал» ойынына 5 мыңға жуық шетелдік жанкүйер келеді - Министр

Ayzhan Sylanova
Коллаж:planetarealmadrid

Министрдің айтуынша, осындай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар – оқиғалық туризмді дамытудың нақты көрінісі. Бұған дейінгі ауқымды спорттық жарыстар Қазақстанның инфрақұрылымы мұндай маңызды оқиғаларды қабылдауға дайын екенін дәлелдеген. Сонымен қатар, УЕФА тарапынан жанкүйерлерге арнайы квоталар бөлінген.

«Матчқа шамамен 4-5 мың шетелдік қонақтың келуі жоспарланып отыр. Бүгінде футболымыз жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Инфрақұрылымымыз барлық талаптарға сәйкес. Ойын өтетін алаң дайын, стадион УЕФА бағалауынша төртінші категорияға жатады», – деді Мырзабосынов.

Ол сондай-ақ спорттың қоғамды біріктіріп, үміт сыйлайтынын атап өтті.
 

«Егер халықаралық тәжірибені тиімді қолданып, спортшыларымызға инвестиция құйып, жаңа академиялар ашсақ, халықтың қолдауы мен спортшылардың қайсарлығы арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз», – деп түйіндеді министр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары