20 қаңтар күні «Астана Аренада» өткен «Қайрат» – «Брюгге» матчында бельгиялық команданың үш жанкүйері ерекше киімімен жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Kznews.kz.
Олар стадионда үстіндегі киімдерін шешіп, «Борат» фильмінен танылған жасыл манкини кигендерін көрсеткен. Полиция дерегінше, бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу және айналадағыларға құрметсіздік таныту ретінде бағаланып, үш азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Аталған факті бойынша қоғамдық орында мас күйде болу және ұсақ бұзақылық баптарымен әкімшілік іс қозғалған. Материалдар сотқа жолданып, құқық бұзушылар уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жетінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездесті.
Биылғы турнирде командалар жанкүйер сенімін ақтай алмай келеді. Алматылық клуб қазірге дейін алты кездесудің бесеуінде жеңілістің ащы дәмін татып, біреуінде тең нәтижеге қанағат білдірді.