«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы карантин кезінде мешіттер жабылады - Қазақстан жаңалықтары

Алматыдағы карантин кезінде мешіттер жабылады - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда мешіттер карантин кезеңінде жабылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Карантин кезінде халықтың денсаулығын сақтау мақсатында барлық мешіттер уақытша жабылады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін төтенше жағдайда мешіттерде жұма және бес уақыт намаз оқылмайтыны белгілі болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарап, отандастарымыздың денсаулығы үшін дұға етуді сұрады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті. Оның ішінде Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан