KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматыдағы бес адамның өлімі: алапат өрттен бірнеше минут бұрын үйге кірген бейтаныс әйелдің видеосы таралды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Оның екеуі – Өзбекстаннан келген жігіттер, егде жастағы әйел мен оның 41 жастағы қызы және көрші бөлмеде тұратын әйелдің 9 жасар қызы мерт болды. Бүгін желіде сол жатақхананың жанындағы үйдің бейнебақылау камерасы түсіріп алған күдікті сәттің видеосы таралды, деп хабарлайды kznews.kz

Айта кетейік, кеше Алматының полиция департаменті бес адамның өліміне әкеп соққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғаған. Кешке таман алдын ала болжам бойынша жатақхананы біреу әдейі өртеді деген нұсқа жарияланды.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы ақпарат таңғы сағат 03.44-те түскен. Желідегі видеоға қарасақ, осыдан 15-20 минут бұрын, таңғы сағат 03.15-03.20 шамасында үйге бір әйел кіріп, таңғы сағат 03.35-те үйден шығып кеткен.

«Бейнебақылау камерасының жазбасы үш сағат алға көрсетеді. Яғни,  камерада 06.35 болса, ол таңғы сағат 03.35 деген сөз», - деп жазады журналист Михаил Козачков.

Яғни, алдын ала болжам бойынша, өрт басталардан оншақты минут бұрын өртенген үйге қара куртка, сұр түсті тымақ киген, қолында сөмкесі мен ұялы телефоны бар бір әйел кіреді де 03.35-те жүгіріп шығады.

«Қазір полиция бұл әйелдің кім екенін және таң атпай не істеп жүр, тоғыз жасар баланы қосқанда, бес адамның өмірін жалмаған өртті осы әйел қойған жоқ па» деген сұрақтарды зерделеп жатыр», - деп жазған журналист.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →