"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы атыс: Бізде қылмыстық топтар бар ма? (ВИДЕО)

Алматыдағы атыс: Бізде қылмыстық топтар бар ма? (ВИДЕО)

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жетінші наурыз күні Алматыда болған атыс туралы таралған қауесеттерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

https://www.instagram.com/p/Bu2lgsUgdI7/?utm_source=ig_embed

Журналистер министрден атысқа екі қылмыстық топ қатысты деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

Тұрғымбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бізде қылмыстық топтар жоқ десе болады. Онда (авт. - Алматыда) жас жігіттердің қақтығысы орын алды. Төрт адам тұтқындалды, тағы алты адам іздестіріліп жатыр. Онға жуық жігіт қатысқан. Олардың барлығының тұлғасы анықталды. Қақтығыстың себебі де белгілі. Тергеу нәтижелерінің қорытындыларын кейінірек береміз", - деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ Тұрғымбаев тергеу жүргізіліп жатқандықтан қарулы қақтығыстың себептері мен күдіктілердің аты-жөндерін айта алмайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, жетінші наурыз күні Алматыдағы "Rahat Palace" қонақ үйінің жанында белгісіз біреулер атысып, күдіктілер ұсталған болатын.

Автор
Санжар